16.01.2026 17:44
АПЛ-дың үздік ойыншысы белгілі болды
16.01.2026 17:44
«Лидс» шабуылшысы Доминик Кальверт-Льюин Ағылшын Премьер-лигасының желтоқсандағы үздік ойыншысы атанды

28 жастағы жергілікті футболшы өткен айда бес матчқа қатысып, алты гол соқты. Осылайша дауыс беру нәтижесінде Райан Шерки, Фил Фоден, Эрлинг Холанд (бәрі – «Манчестер Сити»), Олли Уоткинс, Морган Роджерс (екеуі де – «Астон Вилла»), Харри Уилсон («Фулхэм») және Уго Экитикені («Ливерпуль») артқа тастады.
Сондай-ақ Доминик бұл жүлдені 2001 жылдың қазанынан бері жеңген «Лидстің» алғашқы ойыншысы атанды. Ол кезде Рио Фердинанд топ жарған. Ал Кальверт-Льюиннің өзі мансабында екінші рет АПЛ-де ай үздігі атанып отыр. Бұған дейін 2020 жылдың қыркүйегінде қарсылас шақ келтірмеген.
Кальверт-Льюин осы маусымда 20 матчта тоғыз гол соғып, бір нәтижелі пас берді.