16.01.2026 14:26
Энцо Фернандес ПСЖ-ға ауысуы мүмкін
16.01.2026 14:26
«Челси» жартылай қорғаушысы Энцо Фернандес мансабын ПСЖ-да жалғауы мүмкін

Уриэль Лугттың хабарлауынша, Париж клубының өкілдері 24 жастағы Аргентина жартылай қорғаушысының агентімен байланысқа шығып, келіссөз бастапты.
Энцоны Лондонның клубы 2023 жылы «Бенфикадан» 121 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда 30 матчта сегіз гол соғып, үш нәтижелі пас берді.