16.01.2026 13:56
Мбаппе алдағы матчқа қатыспайды
16.01.2026 13:56
«Реал» дүлдүлі Килиан Мбаппе «Левантеге» қарсы матчқа қатыспайды

Marca хабарлауынша, 27 жастағы француз шабуылшысын әлі де сол жақ тізесіндегі жарақаты мазалайды екен. Ол соның салдарынан соңғы төрт матчтың үшеуіне қатыспай, «Барселонаға» (2:3) қарсы 15 минут қана ойнады.
Ал бұлшықеті сыр беріп «Альбасетемен» (2:3) кездесуден тыс қалған Родриго кеше топпен жаттығуға оралыпты. Ол ертеңгі ойында алаңға шығуы мүмкін.
Испания Ла Лигасының 20-туры аясындағы «Реал» – «Леванте» матчы ертең, 17 қаңтар сағат 18:00-ге жоспарланған.