16.01.2026 18:38

«Қайрат» бразилиялық ойыншымен толықты

16.01.2026 18:38

Лукас Африко «Қайрат» ойыншысы атанды

Қос тарап 31 желтоқсанға дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.

30 жастағы бразилиялық орталық қорғаушы осыған дейін Португалияның «Маритиму», «Эшторил» және «Фаренсе» клубтарында ойнап, Португалияның жоғары дивизионында 75 матч өткізген.

Одан бөлек Бразилияның «Фламенго», «Лондрина», «Сантос» және Әзербайжанның «Габала» командасында доп тепкен. Ал соңғы клубы Түркияның Бірінші лигасындағы «Ван Спор» болды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram