17.01.2026 14:47
Тиаго Силва рекорд орнатты
17.01.2026 14:47
Тиаго Силва «Порту» сапында матч өткізген ең егде ойыншы атанды

Бразилиялық қорғаушы Португалия кубогының 1/4 финалындағы «Бенфикаға» (1:0) қарсы матчта 41 жас үш айында дебют жасады.
Осылайша ол Пепеге тиесілі болған рекордты (41 жас бір ай) бұзды.
Айта кетейік, Силва «айдаһарлар» құрамына осы айда еркін агент ретінде қосылған еді.