17.01.2026 15:55
«Бавария» екі ойыншыға көз тікті
17.01.2026 15:55
«Бавария» екі футболшыға қызығушылық танытып отыр

Fichajes хабарлауынша, Мюнхеннің клубы «Кёльн» вингері Саид Эл Мала мен «Лейпциг» шабуылшысы Ян Диомандені өз қатарынан көргісі келеді.
Эль Мала осы маусымда жеті доп соғып, үш нәтижелі пас берді. Ал Диоманде жеті гол мен төрт ассисттің авторы атанды.
Айта кетейік, «Бавария» бүгін, 17 қаңтар сағат 22:30-да «Лейпцигпен» кездеседі. 17 турдан кейін 47 ұпай жинаған Венсан Компани шәкірттері Германия Бундеслигасында көш бастап тұр.