17.01.2026 17:10

«Атлетико» 100 миллионға шабуылшы алмақ

17.01.2026 17:10

«Марсель» шабуылшысы Мейсон Гринвуд мансабын «Атлетикода» жалғауы мүмкін

Topskills Sports UK хабарлауынша, Мадридтің клубы Мейсонды жазда сатып алуды көздейді. «Матрасшылар» 24 жастағы ағылшын форвардының агентімен байланысқа шығып, оны өз қатарынан көргісі келетінін айтқан екен.

«Марсель» Гринвудты 100 миллион еуроға бағалап отыр. Ал футболшының өзі клуб ауыстырғысы келмейді екен.

Гринвуд осы маусымда 25 матчта 19 гол соғып, алты нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram