17.01.2026 19:33

«Ман Юнайтед» «Ман Ситиді» тізе бүктірді

17.01.2026 19:33

Ағылшын Премьер-лигасының 22-турында «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Манчестер Ситиді» сенімді жеңді

«Олд-Траффорд» стадионында өткен Манчестер дербиінде 2:0 есебі тіркелді. Алаң иелері сапында Брайан Мбеумо мен Патрик Доргу мергендік танытты. Сондай-ақ Амад Диалло, Бруну Фернандеш және Мейсон Маунттың соққан голдары офсайд деп танылып, есепке алынбады.

Осылайша 35-ұпайына қол жеткізген «қызыл сойқандар» турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді. Ал 43 ұпайы бар «қалалықтар» екінші сатыда қала береді.

Келесі турда Майкл Кэрриктің шәкірттері «Арсеналға» қонаққа барса, Пеп Гвардиоланың командасы «Вулверхэмптонды» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram