17.01.2026 22:31
«Барселона» ойыншысы ПСЖ-ға ауысуға жақын
17.01.2026 22:31
«Барселона» жартылай қорғаушысы Дро Фернандес ПСЖ-ға ауысуға жақын

Фабрицио Романоның хабарлауынша, кеше түнде Париждің клубы «Барселонаға» Дро жөнінде ұсыныс жасаған. Енді бүгін «қызыл-көктер» 18 жастағы ойыншының өзімен ауызша келісімге келіпті. Дро Луис Энрике баптайтын командаға қосылуға дайын және келісімшарттағы талаптарға келісіп отыр. Трансфер құны алты миллион еуроны құрайды екен.
Осылайша Дроға көз тіккен «Манчестер Сити», «Челси» және «Боруссия» (Дортмунд) секілді клубтар сан соғып қалайын деп тұр.
Айта кетейік, Фернандес осы маусымда «блаугрананың» негізгі командасында бес матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді.