17.01.2026 22:16
«Челси» жеңіске жетті
17.01.2026 22:16
Ағылшын Премьер-лигасының 22-турында «Челси» өз алаңында «Брентфордты» 2:0 есебімен жеңді

«Стэмфорд Бридж» стадионында өткен кездесуде Жоао Педро мен Коул Палмер мергендігімен көзге түсті.
Осылайша Лондонның клубы қоржындағы ұпайын 34-ке жеткізіп, турнир кестесінде алтыншы орынға жайғасты.
Лиам Росеньор шәкірттері келесі турда 25 қаңтар күні «Кристал Пэласқа» қонаққа барады. Ал одан төрт күн бұрын Чемпиондар лигасында «Пафосты» қабылдайды.