18.01.2026 00:44
«Наполи» «Сассуолодан» басым түсті
18.01.2026 00:44
Италия А Сериясының 21-турында «Наполи» өз алаңында «Сассуолодан» басым түсті

Диего Марадона атындағы стадионда өткен кездесуде 1:0 есебі тіркелді. Матчтағы жалғыз голды 7-минутта Станислав Лоботка соқты.
Осылайша 43-ұпайына қол жеткізген Неапольдің клубы турнир кестесінде үшінші сатыға жайғасты.
Антонио Контенің шәкірттері келесі турда 25 қаңтар күні «Ювентуске» қонаққа барады. Ал одан бес күн бұрын Чемпиондар лигасында «Копенгагенмен» кездеседі.