18.01.2026 04:00

Ислам Чесноков «Хартста» дебют жасады

18.01.2026 04:00

Қазақстан құрамасының вингері Ислам Чесноков «Хартс» сапындағы алғашқы матчын өткізді

26 жастағы отандасымыз Шотландия кубогының 1/8 финалындағы «Фолкиркке» қарсы ойынның 77-минутында алаңға тыңнан қосылды. Ол шыға сала өз командасының пайдасына пенальти әкелді. Чесноковтың жасап берген пенальтиін Лоренс Шенкленд 86-минутта сәтті орындады.

Матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Ал экстра-таймда гол соғылмай, пенальти сериясында «Хартс» 4:5 есебімен жеңіліп қалды.

Енді «жүректер» келесі ойынын 25 қаңтар күні Премьершипте «Селтикке» қарсы өткізеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram