18.01.2026 11:56

Майкл Олисе ерекше нәтиже тіркеді

18.01.2026 11:56

«Бавария» Бундеслиганың 18-турында сырт алаңда «Лейпцигті» 5:1 есебімен жеңді

Бұл матчта ойынға 57-минутта тыңнан қосылған Майкл Олисе бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Осылайша ол Франк Рибериден кейін алаңға алмасып шығып, үш ассист жасаған Бундеслигадағы алғашқы ойыншы атанды. Рибери мұны 2019 жылы «Вольфсбургке» қарсы ойында тіркеген еді.

24 жастағы француз вингері осы маусымда 28 матчта 13 гол соғып, 20 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram