26.03.2026 13:08
«Тоттенхэм» бапкер ауыстыруға жақын
26.03.2026 13:08
«Тоттенхэм» бас бапкері Игор Тудор жақында клубтан кетеді

TEAMtalk хабарлауынша, қос тарап ақылдаса келе 30 маусымда аяқталатын келісімшартты мезгілінен бұрын бұзу туралы шешімге келіпті. Команда Тудордың тұсында жеті матчтың бесеуінде жеңілді. Оның үстіне Игордың жақында әкесі дүниеден өтті, бұл жағдайды одан әрі қиындатып отыр.
12 сәуір күні өтетін «Сандерлендке» қарсы матчта «қораздарды» басқа маман бастап шығады деп күтілуде. Қазіргі таңда Тудордың орнын басуға «Марсель» мен «Брайтонның» бұрынғы тәлімгері, жұмыссыз жүрген Роберто де Дзерби басты үміткер болып тұр.
31 турдан кейін 30 ұпай жинаған Лондонның клубы Ағылшын Премьер-лигасында 17-орында тұр. Ал қауіпті аймаққа кіретін «Вест Хэмнің» еншісінде 29 ұпай бар.