26.03.2026 11:06

Мбаппе: «Неймарсыз Әлем чемпионатын елестете алмаймын»

26.03.2026 11:06

«Реал» мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе «Сантос» дүлдүлі Неймарды Әлем чемпионатынан көргісі келетінін айтты

— «Неймардың аты Неймар. Әлем чемпионаты — әлем жүлдыздары үшін арналған дода, сондықтан Неймар сонда болу керек. Неймарсыз Әлем чемпионатын елестету қиын, бірақ Карло Анчелоттидің шешіміне де қарсы шыға алмаймын»,— деді Мбаппе.

34 жастағы Неймар Бразилия құрамасының Франция (26 наурыз) мен Хорватияға (1 сәуір) қарсы ойындарына шақырылған футболшылар тізімінен тыс қалды.

Неймар биыл бес матчта үш гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram