26.03.2026 10:18

Федерико Вальверде жазаланды

26.03.2026 10:18

Испания Корольдігінің футбол федерациясы (RFEF) Федерико Вальвердеге жаза қолданды

«Реал» жартылай қорғаушысы Ла Лиганың 29-турындағы «Атлетикомен» (3:2) ойында Алекс Баэнаға қарсы өрескел ереже бұзғаны үшін тікелей қызыл қағаз алған еді.

Осыған байланысты ол ішкі біріншіліктің бір матчынан шеттетіліп, 30-турда «Мальоркаға» қарсы ойнамайтын болды. Бұған дейін оның тіпті екі кездесуден тыс қалуы мүмкін екені хабарланған.

27 жастағы уругвайлық ойыншы осы маусымда 42 матчта сегіз гол соғып, 12 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram