25.03.2026 17:26
Фермин Лопеске «Манчестер Юнайтед» көз тікті
25.03.2026 17:26
«Барселона» жартылай қорғаушысы Фермин Лопес Ағылшын Премьер-лигасына ауысуы мүмкін

El Chiringuito хабарлауынша, оны «Манчестер Юнайтед» қатарына қосуды көздейді. Манкуниандықтар Ферминді жоғары бағалайды және 86,5 миллион фунт стерлинг көлемінде ұсыныс жасауға дайын. Ал Лопестің өзі «Барселонадан» кеткісі келмейді.
22 жастағы испаниялық жартылай қорғаушы осы маусымда 39 матчта 12 гол соғып, 16 нәтижелі пас берді. Ол 31 қаңтар күні «блаугранамен» келісімшартты 2031 жылдың 30 маусымына дейін ұзартты.