26.03.2026 10:04
Рюдигер АПЛ-ге оралуы мүмкін
26.03.2026 10:04
«Реал» қорғаушысы Антонио Рюдигер Ағылшын Премьер-лигасына оралуы мүмкін

Tuttosport хабарлауынша, 33 жастағы неміс ойыншысын «Манчестер Юнайтед» пен «Ливерпуль» өз қатарынан көргісі келеді. Олар Рюдигерді келер жазда келісімшарты аяқталған соң, еркін агент ретінде тегін алуды көздеп отыр.
Рюдигер Мадридтің клубына 2022 жылы «Челсиден» келіп қосылған еді. Ол осы маусымда 18 матчқа қатысып, бір гол соқты.