26.03.2026 10:43

Чалханоглуға «Галатасарай» көз тікті

26.03.2026 10:43

«Интер» жартылай қорғаушысы Хакан Чалханоглу отанына оралуы мүмкін

FcInterNews хабарлауынша, «Галатасарай» одан әлі үмітін үзбеді. Ыстамбұлдың клубы Хаканды өткен жазда алғысы келген, бірақ дегеніне жете алмады. Енді алдағы трансфер кезеңінде тағы да бағын сынап көрмек. «Галатасарай» Чалханоглу үшін 8-10 миллион еуро шамасында ұсыныс жасауға дайын. Ал «Интер» кемі 15-20 миллион еуро сұрап отыр және одан түспейді екен.

«Нерадзурридің» оны жібергісі жоқ, сондықтан келісімшартты ұзартуды көздейді. Жақында Милан клубының басшылығы осы жөнінде Чалханоглудың өкілдерімен кездесіп, келіссөз жүргізбек. Ал Хакан әлі болашағына қатысты шешім қабылдамады.

32 жастағы түркиялық ойыншы «Интерге» 2021 жылы «Миланнан» еркін агент ретінде тегін ауысып келген еді. Ол осы маусымда 26 матчта тоғыз гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram