26.03.2026 11:25

Родри: «Реалдан» бас тартуға болмайды»

26.03.2026 11:25

«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Родри «Реалға» ауысуы мүмкін екенін жоққа шығармады

— «Атлетикода» ойнағаным «Реалға» ауысуыма кедергі емес. Әлемнің үздік клубынан бас тартуға болмайды. «Сантьяго Бернарбеудің» атмосферасы әрқашан ғаламат. Ла Лигаға оралғым-ақ келеді, Испания чемпионатын жіті бақылаймын. Премьер-лига да ұнайды. Мұндағы деңгей әлдеқайда жоғары, бірақ АПЛ-дегі ойыныма ризамын. «Манчестер Ситимен» келісімшартымның аяқталуына бір жыл қалды. Уақыты келген соң не боларын көреміз»,— деді Родри.

Осыған дейін Родриге «Реалдың» қызығушылық танытып отырғаны туралы сыбыстар тараған еді.

29 жастағы испаниялық жартылай қорғаушы «Манчестер Ситиге» 2019 жылы «Атлетикодан» 70 миллион еуроға ауысып келген. Ол осы маусымда 28 матчқа қатысып, екі гол соқты.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram