11.03.2026 12:20

«Тоттенхэм» антирекорд орнатты

11.03.2026 12:20

Чемпиондар лигасы 1/8 финалының бірінші матчында «Тоттенхэм» сырт алаңда «Атлетикоға» 2:5 есебімен есе жіберді

Осылайша «қораздар» алтыншы матч қатарынан жеңіліс тапты. Бұған дейін «Манчестер Юнайтед» (0:2), «Ньюкасл» (1:2), «Арсенал» (1:4), «Фулхэм» (1:2) және «Кристал Пэласке» (1:3) есе жіберген. Бұған дейін мұндай клуб тарихында болмаған.

«Тоттенхэмді» 14 ақпаннан бері Игор Тудор жаттықтырып келеді. Оның тұсында команда төрт матчтың бәрінде жеңіліс тапты.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram