11.03.2026 04:07
«Ньюкасл» мен «Барселона» тең тарқасты
11.03.2026 04:07
Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясындағы бірінші кездесуде «Ньюкасл» мен «Барселона» кім мықтыны анықтай алмады

«Сент-Джеймс Паркте» өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Алаң иелерінің сапында Харви Барнс 86-минутта гол соқса, оған Ламин Ямаль 90+6-минутта пенальтиден жауап қайтарды.
Қос команда арасындағы қарымта кездесу 18 наурыз күні Испаниядағы «Камп Ноу» стадионында өтеді