10.03.2026 19:09
«Камп Ноудың» сыйымдылығы артты
10.03.2026 19:09
«Барселона» қала билігінен 1С лицензиясын алғанын хабарлады

Оған сәйкес, «блауграна» стадионы «Камп Ноу» бір ойында 62 652 жанкүйерді қабылдай алады. Бұған дейін тек 45 401 ғана билет сатылымға шығып келді. Клуб сыйымдылықты одан әрі арттыру үшін жұмыс істеп жатыр.
Айта кетейік, кешеннің құрылысы 2023 жылы басталған еді. Каталонияның клубы жаңа аренаға қараша айында ғана оралды.