10.03.2026 16:48

Родригоға ота жасалды

10.03.2026 16:48

«Реал» вингері Родригоның жағдайы белгілі болды

Бүгін, 10 наурызда 25 жастағы бразилиялық ойыншының оң жақ тізесіндегі айқыш байламы мен менискіне ота жасалды.

Осыған байланысты ол шамамен 10 ай алаңға шыға алмайды, сәйкесінше Әлем чемпионатынан да тыс қалады.

Ол «Хетафеге» қарсы матчта крестін үзгеніне қарамастан, 30 минуттай ойнаған екен. Нәтижесінде жағдайы одан сайын ауырлап кеткен.

Родриго осы маусымда 27 матчта үш гол соғып, алты нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram