10.03.2026 14:39

Брандтқа «Арсенал» мен «Барселона» көз тікті

10.03.2026 14:39

«Боруссия» жартылай қорғаушысы Юлиан Брандт клуб ауыстыруы мүмкін

Sky Sport DE журналисі Патрик Бергердің хабарлауынша, Брандтқа көз тіккендердің қатарында «Арсенал» мен «Барселона» бар. Олар Юлианды жазда еркін агент ретінде алғысы келеді.

Осыған дейін Брандт пен «Боруссияның» 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпайтыны белгілі болған еді. Футболшының өзі мансабын Испания, Италия немесе Англияда жалғауды жөн көреді екен.

Бүгінде Брандт ешқандай клубпен келіссөз жүргізіп жатқан жоқ. Оған қыста Ағылшын Премьер-лигасының екі клубынан ұсыныс түсіпті, бірақ ол маусымды «Боруссияда» аяқтау үшін бас тартқан.

29 жастағы неміс ойыншысы «аралар» қатарына 2019 жылы «Байерден» 25 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 32 матчта 10 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram