10.03.2026 10:26
«Манчестер Сити» ойыншысы ПСЖ-ға ауысуы мүмкін
10.03.2026 10:26
«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Бернарду Силва ПСЖ-ға ауысуы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, Париждің клубы оны келер жазда еркін агент ретінде қатарына қосқысы келеді.
Одан бөлек 31 жастағы португалиялық ойыншыға «Барселона» мен «Галатасарай» көз тігіп отыр екен.
31 жастағы португалиялық ойыншы «қалалықтардың» сапына 2017 жылы «Монакодан» 50 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 38 матчта екі гол соғып, бес нәтижелі пас берді.