10.03.2026 09:34

Кейн қатарға оралды

10.03.2026 09:34

«Бавария» шабуылшысы Харри Кейннің жағдайы белгілі болды

32 жастағы ағылшын форварды кеше командамен жаттығуға қатысқан екен. Ол бүгін, 10 наурызда Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында өтетін «Аталантаға» қарсы матчқа шақырту алды.

Харри бұған дейін балтыр бұлшық етін зақымдап алып, соңғы болған Мёнхенгладбахтың «Боруссиясына» (4:1) қарсы кездесуге қатыспаған еді.

Ол осы маусымда 37 матчта 45 гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram