10.03.2026 09:06
Бразилия ойыншысы Әлем чемпионатына қатыспайды
10.03.2026 09:06
«Монако» қорғаушысы Вандерсон қатардан шықты

24 жастағы ойыншы кеше, 8 наурыз күні бұлшық етіне ота жасатты. Осыған байланысты Бразилия құрамасымен биылғы Әлем чемпионатына қатыспайды. Ал алаңға шамамен 3 айдан кейін оралады деп күтілуде.
Бұған дейін «пентакампеондардың» тағы бір ойыншысы Родриго тізе байламын үзіп алып, 10 айға қатардан шыққан еді.
Бразилия 2026 жылғы Әлем чемпионатында Марокко, Гаити және Шотландиямен бірге С тобында ойнайды. АҚШ, Канада және Мексикадағы мундиаль 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді.