09.03.2026 23:33
Алонсо «Ливерпульге» оралуы мүмкін
09.03.2026 23:33
Хаби Алонсо «Ливерпульді» тізгіндеуі мүмкін

OK Diario хабарлауынша, қос тарап үш жылға жарамды келісімшартқа қол қою туралы келісімге келді. Бірақ бұл мәміле Арне Слот биыл командамен Чемпиондар лигасын жеңіп алған жағдайда бұзылады екен.
44 жастағы испан маманы соңғы рет «Реалды» өткен жаздан бері жаттықтырды. Ол Мадрид клубынан 12 қаңтар күні кетті. Алонсо футболшы ретінде 2004-2009 жылдары «Ливерпуль» намысын қорғаған.