09.03.2026 19:30
«Реал» ойыншысы қатардан шықты
09.03.2026 19:30
«Реал» қорғаушысы Альваро Каррерас жарақат алды

22 жастағы испаниялық ойыншы оң аяғының балтыр бұлшық етін зақымдап алыпты.
Осыған байланысты Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында 11 наурыз күні өтетін «Манчестер Ситиге» қарсы ойынға қатыспайды. Ал қатарға шамамен бір аптадан кейін оралады екен.
Каррерас осы маусымда 34 матчта екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді.