09.03.2026 15:45
Лапорта Хавиге жауап қайтарды
09.03.2026 15:45
«Барселона» президенттігіне үміткер Жоан Лапорта бұрынғы бапкер Хавидің сөзіне жауап қайырды

— «Хавидің айтқаны мені қатты таңғалдырды. Оның өкпе-реніші бар екенін білемін. Бірақ тура сол ойыншылармен Флик жеңіске жетіп жүр ғой. Ал Хавидің қолынан мұндай келмеді.
Мессиге келер болсақ, оны қаржылық жағдайға байланысты сақтап қала алмадық. 2023 жылы маған Мессидің оралғысы келетінін айтты. Одан соң келісімшарт әзірлеп, Хорхе Мессиге (әкесі) жолдадым. Бірақ ол үйіме келіп, Леоға мұнда қысым көп болатынын айтты»,— Лапорта.
Осыған дейін Хави Мессидің «Барселонаға» оралуына Жоан Лапортаның бөгет болғанын ашық айтқан еді. Сондай-ақ оған қатты өкпелегенін және әлі күнге дейін сөйлеспейтінін жасырмады.
Айта кетейік, Хави Каталония клубын 2021-2024 жылдары аралығында жаттықтырды. Ал оған дейін футболшы ретінде «блауграна» намысын 1997-2015 жылдары қорғаған.