09.03.2026 14:12
Тонали топ-клубқа ауысуы мүмкін
09.03.2026 14:12
«Ньюкасл» жартылай қорғаушысы Сандро Тонали клуб ауыстыруы мүмкін

The Sun хабарлауынша, 25 жастағы италиялық ойыншыға «Реал», «Арсенал», «Манчестер Сити» және «Манчестер Юнайтед» қызығушылық танытып отыр.
Бірақ Тоналидің өзі «Ньюкаслдан» кетуге асық емес, десе де нақты ұсыныстар болса қарастырып көруге дайын екен. «Сауысқандар» ойыншысын кемі 100 миллион еуроға бағалайды.
Тонали осы маусымда 45 матчта үш гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.