09.03.2026 12:07
Модрич «Реалға» оралу жайлы айтты
09.03.2026 12:07
«Милан» жартылай қорғаушысы Лука Модрич бұрынғы клубы «Реалға» оралу жөніндегі қауесеттерге қатысты жауап берді

— «Клубтың айналасында мен туралы қауесеттер болатыны түсінікті, бірақ мен оған араласпаймын. «Миланда» өзімді бақытты сезінемін,– деді Лука.
40 жастағы хорватиялық ойыншы «россонери» қатарына өткен жазда «Реалдан» еркін агент ретінде ауысып келген еді. Ол осы аралықта 30 матчта екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді.