09.03.2026 19:50
Алиссон қатардан шықты
09.03.2026 19:50
«Ливерпуль» қақпашысы Алиссон қатардан шықты

33 жастағы бразилиялық голкипер дүйсенбі күні өзін жайсыз сезініп, жаттығуды соңына дейін аяқтай алмаған екен.
Мерсисайдтың клубы осыны ескере отырып, оны Ыстамбұлға апармауды жөн көрді. Осыған байланысты Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясындағы «Галатасарайға» қарсы ойында клуб қақпасын Георгий Мамардашвили қорғайтын болды.
Осыған дейін Алиссон 30 қыркүйек күні дәл осы «Галатасарайға» (0:1) қарсы ойында бұлшық етін зақымдап алып, екі айға жуық уақыт ойнамаған еді.
«Галатасарай» мен «Ливерпуль» арасындағы кездесу ертең, 10 наурыз күні сағат 22:45-те басталады.