10.03.2026 12:03

Кристиан Ромеро «Тоттенхэмнен» кетеді

10.03.2026 12:03

«Тоттенхэм» қорғаушысы Кристиан Ромеро маусым соңында клубтан кетеді

The Telegraph хабарлауынша, 27 жастағы аргентиналық ойыншы нақты шешім қабылдап қойыпты және клубқа да ескерткен. Бұл ойы «Тоттенхэм» Чемпиондар лигасын жеңіп, АПЛ-де қалса да өзгермейді екен.

Ромеро Лондонның клубына 2022 жылы «Аталантадан» 52 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 28 матчта алты гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram