10.03.2026 20:45
Родриго: «ота сәтті өтті»
10.03.2026 20:45
«Реал» вингері Родриго отадан кейін мәлімдеме жасады

— «Құдайға шүкір, ота сәтті өтті! Бүгін жаңа тарих басталады. Жаңа Родриго туылды. Мен бұл сынақтан өтіп, Құдайдың бергенімен өмір сүруге дайынмын. Мені қолдап хабарлама жазған баршаңызға ризамын»,— деді ол Instagram желісінде.
Бүгін, 10 наурызда 25 жастағы бразилиялық ойыншының оң жақ тізесіндегі айқыш байламы мен менискіне ота жасалды. Осыған байланысты ол шамамен 10 ай алаңға шыға алмайды, сәйкесінше Әлем чемпионатынан да тыс қалады. Ол «Хетафеге» қарсы матчта крестін үзгеніне қарамастан, 30 минуттай ойнаған екен. Нәтижесінде жағдайы одан сайын ауырлап кеткен.
Родриго осы маусымда 27 матчта үш гол соғып, алты нәтижелі пас берді.