11.03.2026 04:11
«Бавария» «Аталантаның» сау-тамтығын қалдырмады
11.03.2026 04:11
Чемпиондар лигасы 1/8 финалының алғашқы матчында «Бавария» сырт алаңда «Аталантаны» аямады.

Бергамода өткен кездесу 1:6 есебімен аяқталды. Мюнхен клубының сапында Майкл Олисе дубль жасаса, Жамал Мусиала, Йосип Станишич, Серж Гнабри және Николас Джексон қақпа торын тулатты. Ал алаң иелерінің құрамында тек Марио Пашалич дараланды.
Қос команда арасындағы қарымта кездесу 18 наурызда «Альянц Аренада» өтеді.