11.03.2026 04:09
«Атлетико» «Тоттенхэмді» ойсырата жеңді
11.03.2026 04:09
Чемпиондар лигасы 1/8 финалының алғашқы матчында «Атлетико» өз алаңында «Тоттенхэмді» оңдырмады

Мадридте өткен кездесуде 5:2 есебі тіркелді. Алаң иелерінің сапында Хулиан Альварес дубль жасаса, Маркос Льоренте, Антуан Гризманн және Робин Ле Норман бір мәрте мергендік танытты. Ал лондондықтардың жалғыз голын Педро Порро соқты.
Қос команда арасындағы қарымта кездесу 18 наурыз күні «Тоттенхэмнің» стадионында өтеді.