12.12.2025 19:10
Тони Кроос «Ситиді» сынға алды
12.12.2025 19:10
Тони Кроос: «Манчестер Сити» лайық болмады

«Реалдың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Тони Кроос Чемпиондар лигасында мадридтіктердің «Манчестер Ситиден» (1:2) жеңілгенінен кейін ағылшын клубының ойынын сынға алды.
«Айқын нәрсе - «Реал» қарсыласқа қарағанда әлдеқайда қарқынды ойнады. Бұл матч олардың мүддесі үшін анағұрлым маңызды болды. Мені таңғалдырғаны - «Манчестер Сити» ойынды әрдайымғыдай құрды. Олар жойқын болып көрінбеді. Әсіресе алғашқы таймда қауіпті шабуыл жасай алмады. Меніңше, «Реал» өте мықты матч өткізді, қауіпті аймақтарда жақсы әрі тығыз қорғанды. «Манчестер Сити» жеңіске лайық болмады», - деп қорытындылады Кроос Einfach mal Luppen басылымына берген сұхбатында.