12.12.2025 18:32

АПЛ-дың үздік ойыншысы белгілі болды

12.12.2025 18:32

Игор Тиаго Ағылшын Премьер-лигасының қарашадағы үздік ойыншысы атанды

«Брентфордтың» 24 жастағы шабуылшысы өткен айда төрт матчта бес гол соқты.

Осылайша ол дауыс беру нәтижесінде Харви Барнс («Ньюкасл», 3 гол), Кирнан Дьюсбери-Холл («Эвертон», 1 гол), Жереми Доку («Манчестер Сити», 1 гол), Бруну Фернандеш («Манчестер Юнайтед», 4 ассист), Морган Гиббс-Уайт («Ноттингем Форест», 3 гол), Рис Джеймс («Челси», 1 ассист) және Деклан Райсты («Арсенал», 1 гол) артқа тастады.

Айта кетейік, Тиаго осы маусымда жалпы 16 матчта ойнап, 12 голдың авторы атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram