12.12.2025 16:24

Альварес «Барселона» туралы сөз қозғады

12.12.2025 16:24

Хулиан Альварес «Барселонаның» қызығушылығы туралы: «Бұл ақпарат әлеуметтік желілерде толып жүр, бірақ мені алаңдатпайды»

«Атлетико» шабуылшысы Хулиан Альварес БАҚ-та тараған «Барселонаның» оған қызығушылығы жөніндегі ақпаратқа пікір білдірді.

«Бұл мені алаңдатпайды. Мен бұған қатты мән бермеуге тырысамын, бірақ мұның талқыланып жатқанын білемін. Бұл әлеуметтік желілердің бәрінде бар. Мен толықтай осы маусымға, «Атлетикомен» бірге мені не күтіп тұрғанына көңіл бөлгенмін. Сондықтан бұл қауесеттерді шетке ысырып, өзім жайлы - футболшы ретінде дамуыма және жеңістерге ой жүгіртуге тырысамын», - деді Альварес.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram