12.12.2025 18:51
АПЛ-дың үздік бапкері анықталды
12.12.2025 18:51
Энцо Мареска Ағылшын Премьер-лигасының қарашадағы үздік бапкері атанды

Оның тұсында «Челси» өткен айда үш рет жеңіске жетіп, бір мәрте тең түсті.
Осылайша Италия маманы дауыс беру нәтижесінде Микель Артета («Арсенал», 2 жеңіс, 2 тең), Унаи Эмери («Астон Вилла», 3 жеңіс, 1 жеңіліс), Пеп Гвардиола («Манчестер Сити», 3 жеңіс, 1 жеңіліс), Фабиан Хюрцелер («Брайтон», 3 жеңіс, 1 тең) және Марку Сильваны («Фулхэм», 3 жеңіс, 1 жеңіліс) шаң қаптырды.
Айта кетейік, 15 турдан кейін 25 ұпай жинаған «Челси» турнир кестесінде бесінші орында келеді.