24.09.2025 21:09

«Тобыл» «Ордабасыдан» басым түсті

24.09.2025 21:09

Қазақстан Премьер-лигасының 9-туры аясындағы кейінге шегерілген матчта «Тобыл» «Ордабасыны» тізе бүктірді

Қостанайда өткен кездесуде 1:0 есебі тіркелді. Жалғыз голды 14-минутта Ислам Чесноков пенальтиден соқты.

Осылайша 23 ойыннан кейін 47 ұпай жинаған «Тобыл» турнир кестесінде үшінші орынға тұрақтады. «Ордабасы» болса 31 ұпаймен жетінші сатыда қалды.

Шымкенттің клубы келесі турда «Елімайға» қонаққа барады. Ал Нұрбол Жұмасқалиев шәкірттері өз алаңында «Қайсарды» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram