19.03.2026 17:41
Тибо Куртуа қатардан шықты
19.03.2026 17:41
«Реал» қақпашысы Тибо Куртуа қатардан шықты

33 жастағы бельгиялық голкипер Чемпиондар лигасы 1/8 финалындағы «Манчестер Ситиге» (2:1) қарсы қарымта матчтың алдында бұлшық етін зақымдап алыпты. Ол жарақаты бола тұра бір тайм бойы ойнаған, одан кейін тайм арасындағы үзілісте орнын Андрей Лунинге босатты.
Осыған байланысты Тибо шамамен бір жарым ай командасына көмектесе алмайды. Нәтижесінде Чемпиондар лигасы 1/4 финалындағы «Баварияға» қарсы қос матчқа да қатыспайды. Ал 10 мамыр күні өтетін Эль-Класикоға дайын болып қалуы мүмкін.
Куртуа осы маусымда 41 ойында 39 гол өткізіп, 15 матчта қақпасына доп жібермеді.