19.03.2026 17:17
Осимхенге ота жасалады
19.03.2026 17:17
«Галатасарай» шабуылшысы Виктор Осимхен қатардан шықты

27 жастағы нигериялық форвард «Ливерпульге» (0:4) қарсы матчта оң білегінің сүйегін сындырып алып, гипс салған еді.
Түркиялық журналист Ягыз Сабунджуоглудың хабарлауынша, осыған байланысты оған ота жасалады екен. Ал алаңға қашан оралатыны отадан кейін белгілі болады.
Осимхен осы маусымда 29 матчта 19 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.