19.03.2026 13:50
Барколя қатардан шықты
19.03.2026 13:50
ПСЖ вингері Брэдли Барколя жарақат алды

23 жастағы француз ойыншысы «Челсиге» (3:0) қарсы матчта оң аяғының тобығын зақымдап алыпты.
Осыған байланысты бірнеше апта командасына көмектесе алмайды. Сондай-ақ Франция құрамасының ойындарынан да тыс қалады.
Барколя осы маусымда 38 матчта 12 гол соғып, алты нәтижелі пас берді.