19.03.2026 12:52

Левандовски рекорд орнатты

19.03.2026 12:52

«Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовски Чемпиондар лигасы 1/8 финалындағы қарымта матчта «Ньюкасл» (7:2) қақпасына дубль жасады

Осылайша ол турнир аясында 41 түрлі клубқа гол соққан алғашқы ойыншы атанды.

Бұған дейінгі рекорд 40 түрлі ұжымның қақпасын қақыратқан Лионель Мессиге тиесілі еді. Сондай-ақ үздік үштікте 38 түрлі команданы сан соқтырған Криштиану Роналду бар.

37 жастағы поляк форварды осы маусымда 36 матчта 16 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram