19.03.2026 03:12

«Бавария» «Аталантаны» ойсырата жеңді

19.03.2026 03:12

Чемпиондар лигасы 1/8 финалының қарымта матчында «Бавария» өз алаңында «Аталантадан» басым түсті

«Альянц Аренада» өткен кездесуде 4:1 есебі тіркелді. Алаң иелерінің сапында Харри Кейн дубль жасаса, Леннарт Карл мен Луис Диас бір голдан соқты.

Осылайша Мюнхеннің клубы қос матчтың қорытындысы бойынша 10:2 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.

Венсан Компанидің шәкірттері келесі кезеңде «Реалмен» шеберлік байқасады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram