19.03.2026 02:57
«Ливерпуль» «Галатасарайдан» басым түсті
19.03.2026 02:57
Чемпиондар лигасы 1/8 финалының қарымта матчында «Ливерпуль» өз алаңында «Галатасарайды» тізе бүктірді

«Энфилд» стадионында өткен кездесу 4:0 есебімен аяқталды. Алаң иелерінің сапында Доминик Собослаи, Уго Экитике, Райан Гравенберх және Мұхамед Салах мергендік танытты.
Осылайша Мерсисайдтың клубы қос матчтың қорытындысы бойынша 4:1 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.
Арне Слоттың шәкірттері келесі кезеңде ПСЖ-мен кездеседі.