19.03.2026 00:45

«Барселона» ғаламат жеңіске жетті

19.03.2026 00:45

Чемпиондар лигасы 1/8 финалының қарымта матчында «Барселона» өз алаңында «Ньюкаслды» ірі есеппен жеңді

«Камп Ноуда» өткен кездесуде 7:2 есебі тіркелді. Алаң иелерінің сапында Рафинья мен Роберт Левандовски дубль жасаса, Марк Берналь, Фермин Лопес және Ламин Ямаль бір голдан соқты. Ал «Ньюкаслдың» құрамында Энтони Эланга екі голдың авторы атанды.

Осылайша Каталонияның клубы қос матчтың қорытындысы бойынша 8:3 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.

Енді Ханс-Дитер Фликтің шәкірттері келесі кезеңде «Атлетико» – «Тоттенхэм» (5:2) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram